«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Кейбір көпбалалы отбасыларға мемлекеттен жәрдемақы беру тоқтатылады

Ендігі уақытта табысы жоғары көпбалалы отбасыларға қосымша әлеуметтік қолдау шаралары берілмейді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Парламенттің бірлескен отырысынан кейін кулуарда мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, отбасы мүшелерінің жан басына шаққандағы табысы 4 ең төменгі күнкөріс деңгейінен (яғни әр адамға шаққанда шамамен 200 мың теңгеден) асса, мұндай отбасы тұрмысы жақсы деп есептеледі.

«Мәселен, 10 адамнан тұратын отбасы жалпы 2 миллион теңге табыс тапса, екі немесе одан да көп жылжымайтын мүлкі, сондай-ақ екі немесе одан да көп автокөлігі болса, бұл санаттағы отбасылар көпбалалы мәртебесіне қарамастан қосымша қолдаудан тыс қалады», – деді Светлана Жақыпова.

Сонымен қатар министр негізгі төлемдердің өзгермейтінін атап өтті.

«Көпбалалы ана мәртебесіне байланысты барлық жәрдемақы бұрынғыдай сақталады. Мәселен, 10 баласы бар отбасы ай сайын 120 мың теңгеден астам жәрдемақы алады, яғни әр балаға 15 мың теңге төленеді», – деп түсіндірді ведомство басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін министрлік тарапынан «6-дан аз баласы бар көпбалалы отбасылар мемлекеттік жәрдемақыдан айырылуы мүмкін» деген ақпараттың шындыққа жанаспайтыны хабарланған еді.

Ұқсас жаңалықтар

АҚШ орынсыз қадамдарын тоқтатпаса, бейжай қарап отырмаймыз – Қытай

Алматы облысында төрт баланы өз үйінде азаптаған педофилге үкім шықты

Алматының қоғамдық көліктерінде Avtobys бірыңғай төлем жүйесі енгізіледі