Алматы облысында екі стоматологиялық клиниканың басшылары балаларға іс жүзінде көрсетілмеген медициналық қызметтер үшін мемлекеттен қаржы алған.
Прокуратура жүргізген тексеріс кезінде туа біткен патологиясы бар балаларға ортодонтиялық қызмет көрсетілді деген жалған мәліметтердің медициналық ақпараттық жүйеге енгізілгені анықталды.
Клиника басшысы пациенттердің жеке деректерін пайдаланып, жасалмаған емдеу шараларын рәсімдеген. Осы жалған мәліметтердің негізінде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатынан мемлекеттен 65,9 млн теңге заңсыз төленген.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот кінәлі тұлғаға үкім шығарды.
Мемлекетке келтірілген 65,9 млн теңге көлеміндегі шығын толық өтелді.
