«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратәскер

«Кінәлілер қатаң жазаланады»: Қорғаныс министрі Каспийдегі қайғылы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Каспийдегі қайғылы жағдайдан қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтып, оқиғаға кінәлілер жауапкершіліктен жалтармайтынын мәлімдеді.

Министр қоғамның наразылығы мен көтеріп отырған талаптарын түсінетінін айтып, қайғыдан зардап шеккен отбасыларға қажетті көмек көрсетіліп жатқанын жеткізді.

«Оқиғаға кінәлілер жауаптан жалтармайды. Біз қаза тапқандардың отбасыларымен тұрақты байланыстамыз және оларға барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетіп жатырмыз», – деді Дәурен Қосанов.

Алайда қайғылы жағдайға байланысты жауапкершілік мәселесі қоғам назарында тұр. Бұған дейін Данияр Хайрушевтің әскери қызметтегі мансабы жоғарылағаны белгілі болған.

2026 жылғы мамырда Қорғаныс министрлігі Данияр Хайрушевтің Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалғанын хабарлаған. Сол айда ол Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, марапат оған әскерлердің жоғары жауынгерлік дайындығын қамтамасыз етуге және қызметтік міндеттерін атқару кезіндегі жетістіктеріне байланысты берілген.

Енді Каспийдегі қайғылы жағдайдан кейін осы шешімдер мен лауазымды тұлғалардың жауапкершілігіне қатысты сұрақтар қайта көтеріліп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Трамп өзі қаза болған жағдайға вице-президентке хат қалдырған

Микроқаржы секторы дағдарыста ма? Қазақстанда бес ұйым жабылды

Redaktor Shyn-Ar

Жастардың кеш үйленуі: әлеуметтік өзгеріс пе, әлде демографиялық қауіп пе?