«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпаратәскер

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілердің жалақысын арттыратынын хабарлады

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілердің жалақысы жаңа жүйе бойынша екінші кезеңде өседі.

Хабарламада көрсетілгендей, офицерлердің жалақысы тағы 23 пайызға, ал қатардағы және сержанттық құрамның жалақысы бірінші кезеңнен 10 пайызға артады.

Министрлік бұл шешімді еңбек ақы төлеу жүйесін жаңарту аясында жүзеге асырылып жатқан іс-шаралардың бірі ретінде түсіндірді. Жалақыны кезең-кезеңімен көтеру әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі барлық перзентхананы тексермек

«Мұғалімдерге тиісуді доғарыңдар!» — Айман Сағидулла депутаттарға қатаң жауап берді

Грант ала алмағандарға жаңа мүмкіндіктер: Саясат Нұрбек үмітті үзбеуге шақырды