«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратҚоғам

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов 84 жасында өмірден өтті

Дәуір үніне айналған қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын, қоғам қайраткері, Халық жазушысы Мұхтар Шаханов 84 жасында өмірден өтті. Қаралы хабарды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі таратты.

Министрлік әйгілі ақынның дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына, жақындарына және барша қазақ еліне қайғыра көңіл айтты.

Мұхтар Шаханов – қазақ поэзиясын азаматтық үнмен ұштастырып, шоқтығы биік шығармаларымен танылған бірегей тұлға. Оның туындылары ұлттық руханияттың алтын қорына еніп, поэзияға жаңа серпін, терең мазмұн әкелді. Ақын қоғамдағы өзекті мәселелерге үн қосып, ел мен жер тағдырына қатысты өткір ойларымен ерекшеленді.

Министрлік оның қайсар мінезі, өр рухы, әділет жолындағы табандылығы мен елдік мүддеге адалдығы халық жадында мәңгі сақталатынын атап өтті. Марқұмның жаны жәннатта, топырағы торқа болсын деген тілегін білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

71 млн доллар тұратын тарихи зәулім сарай Құлыбаевқа тиесілі — Deutsche Welle

Право Каким будет налог на транспорт согласно новому Налоговому кодексу

Дамир Оразбаев

Наурызда қанша күн демаламыз?