Бірлестіктің ағартушылық бағыты бойынша өтіп жатқан «Мағжан айлығы» аясында Мета және ЕТЭК колледжінің жас мамандарымен «Педагогикадан парасатқадейін» тақырыбында танымдық кездесу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – Мағжан Жұмабаевтың«Педагогика» еңбегіндегі тәлім-тәрбиелік идеяларды бүгінгібілім беру үдерісімен байланыстыру, ұстаздың қоғамалдындағы жауапкершілігі мен ұрпақ тәрбиесіндегі рөлінтереңірек пайымдау. Іс-шараның өтуіне ұйытқы болған «Сенімен болашақ» РҚБ Алматы филиалының жетекшісі Меруерт Мәулетқызы мен ЕТЭ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шынар Құстайқызы. Бірлестік өкілі Мағжан педагогикасының басты ерекшелігі – баланы тек біліммен қаруландыру емес, оның тәнін, ақылын, сұлулығын және құлқын қатар тәрбиелеу екендігін жан-жақты түсіндіріп, бірлестік миссиясы мен ұстанған бағытына қарай байланыстыра айтып шықты.
Олар Мағжанның педагогикалық көзқарастарына қазіргі білім беру жүйесі тұрғысынан талдау жасап, бүгінгі ұрпақ тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді ортаға салды. Әсіресе, ақпараттық технология дамыған заманда баланың сыниойлауын қалыптастыру, өзін-өзі тануына мүмкіндік беру, бойына ізгілік пен жауапкершілік қасиеттерін сіңірумәселелері талқыланды.
Кездесуге қатысқан ұстаздардың бірі оразхан Серікұлы өзпікірінде:
«Мағжан мұрасын бүгінгі ұрпақ тәрбиесінен бөліп қарауғаболмайды. Қазіргі балаға тек білім беріп қана қоймай, оныңжүрегіне жол таба білуіміз керек. Балаға дайын жауапұсынудан гөрі, оны ойлануға, ізденуге, өз шешімінқабылдауға үйрету маңызды. Мағжанның«Педагогикасындағы» терең ойлардың бірі – тәрбиеніңадам өміріндегі шешуші рөлі. Білім адамның мүмкіндігінарттырса, тәрбие сол мүмкіндікті қай бағыттапайдаланатынын айқындайды. Сондықтан бүгінгі қоғамғабілімді маманмен қатар, ар-ұяты биік, ойы озық, сөзі мен ісі үйлескен азамат қажет. Мағжан айтқан төрттәрбиені басшылыққа алсақ, білімді ғана емес, парасатты, мінезді, жауапкершілігі жоғары тұлға қалыптастырааламыз деп ойлаймын», – деп атап өтті.
