«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратСаясат

Қоғам белсендісі Санжар Боқаев 10 жылға сотталды

Алматы қаласының Алмалы аудандық соты қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Сот шешімімен ол кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Санжар Боқаевқа Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 188, 218, 340 және 274-баптары бойынша айып тағылған. Қылмыстық іс осы баптар аясында қаралды.

Еске салайық, Боқаевқа қатысты сот процесі 16 қазанда басталған. Алғашқы отырыс 28 қыркүйекке белгіленгенімен, кейінге қалдырылған болатын.

Бұған дейін Бас прокуратура қоғам белсендісіне қатысты тергеу барысын жариялаған еді. Ведомство мәліметінше, Боқаев әлеуметтік желілерде саябақ аумағындағы ағаштардың заңсыз кесілуі мен құрылыс нысандарынан мүліктің ұрлануына қатысты бейнематериалдар жариялаған. Тергеу нұсқасы бойынша, бұл әрекеттер жалған ақпарат таратып, қоғамда теріс көзқарас қалыптастыру мақсатында жасалған.

Сондай-ақ Бас прокуратура Боқаевтың ірі көлемде алаяқтық жолымен қаражат жымқырды және ағаштарды заңсыз кесуді ұйымдастырды деген күдікке ілінгенін хабарлаған.

Ұқсас жаңалықтар

Жасанды интеллектті қолдану ережелері өзгерді: Жаңа заң нені міндеттейді?

Redaktor Shyn-Ar

«Бір жалақыға жұмыс істедік»: Меруерт Өтекешева Баян Алагөзованың тосын сыйына қатысты пікір білдірді

Ақын Темірхан Медетбек дүниеден өтті