«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратБасты ақпарат

Ұлытау облысындағы шахтада апат болды

Ұлытау облысындағы шахтада апат болды
Көрнекі сурет

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жомарт» кенішінде 640 метр тереңдікте шахтада тау массасының құлауы орын алды.

Құлау аймағының артында шахтаның 7 қызметкері қалды. Қазіргі уақытта «АСС Сериктес» ЖШС құтқару бөлімшелерімен авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Оқиға орнына дереу Ұлытау және Қарағанды облыстары ТЖД күштері мен құралдары, оның ішінде кинологиялық есептоптар, Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері мен Қазақстан ТЖМ психологтары жіберілді, — деп жазылған хабарламада.

ТЖМ Командалық орталығы және Ұлытау облысының ТЖД базасында жедел штабтар жұмыс істеуде. ТЖМ-де «жедел желі» телефонының жұмысы ұйымдастырылды. Телефон нөмірі: 8 (7271) 55-96-21.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда Ұлттық қордан бөлінген ақша қайда жұмсалғаны тексеріледі

Жасанды интеллект әсерінен қандай мамандықтар жойылып кетуі мүмкін?

Онлайн-саудамен айналысатындар салық төлеушілер тізіміне енгізіледі

Пікір жазу