«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлем

Үндістан Ресей мұнайынан бас тартып, АҚШ-пен сауда келісіміне бет бұрды

Үндістан Ресей мұнайынан бас тартып, АҚШ-пен сауда келісімін жасауға дайындалып жатыр. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Indian Oil, Bharat Petroleum және Reliance Industries компаниялары наурыз–сәуір айларында ресейлік мұнайды сатып алу жөніндегі ұсыныстарды қабылдамайтын болған. Сондай-ақ елдегі басқа да мұнай өңдеу зауыттарының басым бөлігі Ресейден мұнай алуды тоқтатқан.

Үндістан Сыртқы істер министрлігінің өкілі бұл шешімді елдің энергетикалық қауіпсіздік стратегиясымен түсіндірді. Оның айтуынша, негізгі мақсат – энергия көздерін әртараптандыру.

Аталған қадам АҚШ-пен жоспарланып отырған сауда келісімімен тікелей байланысты. Келісім наурыз айына дейін аяқталуы мүмкін және ол сауда баждарын төмендету мен экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуді көздейді. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Үндістан экспортына салынған 25 пайыздық кедендік бажды алып тастаған еді. Бұл шешім Үндістанның Ресейден мұнай сатып алуды тоқтатуымен байланыстырылады.

Ұқсас жаңалықтар

«Қазақша оқытсам, ұтылмаймын ба?» педагог баласын орыс сыныбына беретіндерді сынады

Redaktor Shyn-Ar

Түркістан облысындағы балабақшада балалар тағамнан уланып қалды

Redaktor Shyn-Ar

Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек

Redaktor Shyn-Ar