«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлеуметБасты ақпарат

22 мамырда ел бойынша дабыл сиреналары қосылады

22 мамырда Қазақстанның барлық өңірінде дабыл жүйесі іске қосылады
көрнекі сурет

22 мамыр күні «Орт-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында Қазақстанның барлық өңірінде дабыл жүйесі қосылады. Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жаттығулар 22-23 мамыр күндері өтеді. Республикалық үйлестіру және басқару штабы осы өңірде орналасқан.

Бұл шара табиғи өрттерге қарсы әрекет етуге дайындықты арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Жаттығуға азаматтық қорғаныс басқару органдары мен тиісті қызметтер қатысады.

22 мамырда сағат 9:00-де дабыл жүйесінің жұмысқа дайындығы тексеріледі – ел бойынша электр сиреналары қосылады. Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындардан үрейге бой алдырмауды сұрайды.

Сонымен қатар, шекара маңындағы өңірлерде табиғи өрттерді сөндіруге Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің техникалары мен мамандары да жұмылдырылады.

Айта кетейік, мұндай жүйе бұған дейін 30 сәуірде Алматыда да қосылған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

«Өтірік құрылтайшылар мен жалған қолтаңба»: Сот Перизат Қайрат құрған қорды таратты

Зайсаннан газ табылса, Қытайға экспорттала ма? – министр түсіндірді

Рамазан-2025: пітір садақа мөлшері белгілі болды

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу