«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлеуметБасты ақпарат

Қазақстан негізгі азық-түлік өнімдерімен өзін толық қамтамасыз етіп отыр – министр

Қазақстан ұн, күнбағыс майы, күріш, картоп, пияз, сәбіз, макарон өнімдері, сондай-ақ сиыр және қой еті бойынша ішкі сұранысты толық қамтамасыз етіп отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, аталған өнімдер бойынша елдің өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі 100 пайыздан асады. Ал сүт пен жұмыртқаға деген ішкі сұраныс та толықтай дерлік отандық өндіріс есебінен өтеліп отыр.

«Күнбағыс майы, ұн, күріш, картоп, пияз, сәбіз, макарон өнімдері, сиыр және қой еті бойынша өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі 100 пайыздан асады. Ал сүт пен жұмыртқаға деген ішкі сұраныс толықтай дерлік қамтамасыз етіліп отыр», – деді Арман Шаққалиев.

Сауда министрлігінің дерегінше, қаңтар-маусым айларында Қазақстандағы ішкі тауар айналымы 36,2 триллион теңгеге жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,3 пайызға көп.

Өсімге азық-түлік тауарлары сегменті елеулі үлес қосқан. Осы кезеңде аталған бағыттағы сауда көлемі шамамен 30 пайызға артқан.

Ұқсас жаңалықтар

Балаларға тиесілі 88 млн-ды жымқырғандар сотталды – «Даму бала» дауының соңы

Алматыда үш шетелдік қамауға алынды

Украина СІМ Тоқаевтың қақтығысты тоқтату туралы ұсынысын қолдады