«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратҚұқық

Астанада көші-қон қызметінің басшысы ұсталды: шетелдіктерге заңсыз құжат берді деген күдік бар

Астана полициясының көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Әлия Мақаева қылмыстық іс аясында ұсталды.

Алдын ала мәлімет бойынша, тергеу шетел азаматтарына Қазақстанда тұруға ықтиярхаттарды заңсыз рәсімдеу және заңсыз көші-қонды ұйымдастыру деректеріне қатысты болуы мүмкін. Іс бойынша бірнеше мемлекеттік орган өкілдерінің де әрекеті тексеріліп жатыр.

Тергеуді Ішкі істер министрлігінің өзіндік қауіпсіздік бөлімшелері Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп жүргізіп жатқаны хабарланды. ҰҚК соталды тергеу басталғанын растады, алайда Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес істің өзге мән-жайларын жарияламады.

Әлия Мақаева ішкі істер органдарында 2001 жылдан бері қызмет атқарып, көші-қон саласында ұзақ жыл еңбек еткен. 2022 жылы Астана полициясы көші-қон қызметі басқармасының азаматтық және иммиграция бөлімін басқарды, кейін басқарма бастығының орынбасары болды.

Егер күдік расталса, бұл іс көші-қон саласындағы құжат рәсімдеу жүйесі мен мемлекеттік бақылаудың қаншалықты тиімді екеніне қатысты күрделі сұрақ туындатады.

Ескерту: Әлия Мақаеваның кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен дәлелденген жоқ. Ол сот үкімі шыққанға дейін кінәсіз деп есептеледі.

Ұқсас жаңалықтар

QyzPU мен Michigan State University серіктестікті нығайтуда

Сара Назарбаева ауруханадан шықты

Redaktor Shyn-Ar

«Бұл – жала»: Амантай қажы әйелді итерді деген айыпқа қатысты жауап берді