«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратҚұқық

«Оларды түрмеге қамау керек»: Сауда министрі «сұр» автодилерлер туралы

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев «сұр» импортпен айналысатын автодилерлерге қатысты қатаң шара қолдану қажет екенін айтты.

Үкіметтегі баспасөз мәслихатында министр жаңа шектеулердің мақсаты отандық автокөлік өндірісін қолдау емес, жол қауіпсіздігін арттыру екенін атап өтті.

«Сұр» импортпен әкелінетін көліктердің арасында бұрын ауыр жол апатына түскен, VIN-коды өзгертілген және техникалық талаптарға сай келмейтін машиналар болуы мүмкін. Шаққалиевтің айтуынша, мұндай көліктердің бір бөлігі сол жақ рөлден оң жақ рөлге қайта жабдықталады.

«Сұр» дилерлердің мұндай көліктерді сатуға құқығы жоқ. Министр олардың заңсыз қызметін анықтап, жолын кесу қажет екенін айтты.

«Мұндай дилерлердің жолын кесіп, түрмеге қамау керек. Оларды анықтап, заңсыз қызметін тоқтату қажет. Тек осындай тәсіл ғана дұрыс», – деді Арман Шаққалиев.

Ұқсас жаңалықтар

“Баға төмендемейді”: тұрғын үй құнына қатысты болжам айтылды

Ескі көліктерді кәдеге жарату бағдарламасы: пункттер әлі ашылмаған

242 млн теңге жұмсалған Steppe Rider: Қазақ тілін үйрететін ойын неге өтпей қалды?