«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлеуметҚұқық

Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс осы аптада сотқа түседі

Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс осы аптада сотқа түседі
ашық дереккөзден

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Шерзат Полаттың өліміне қатысты істің прокуратурада жатқанын айтты. Ол істің барысына қатысты пікір білдірді. 

Санжар Әділовтің айтуынша, Шерзаттың қазасына қатысты іс жақын арада сотқа түседі.

“Қазір Шерзаттың өліміне қатысты істі прокуратура зерттеп жатыр. Алдағы күндері, осы аптада іс сотқа өтеді деп күтіп отырмыз”, – дейді Ішкі істер министрінің орынбасары.

Алайда ведомство өкілі сот отырысының қашан басталатынын айта алмады.

“Бұл соттың айрықша құзіреті. Іс түскен кезде сот негізгі сот талқылауымен айналысатын судьяны анықтайды. Кейінірек бұл мәселе бойынша соттың өзі түсініктеме бергені дұрыс болады”, – деді Санжар Әділов.

Ұқсас жаңалықтар

Мопедті қалай тіркеуге болады — ІІМ түсіндіріп берді

Алматыда үш бірдей қаржы пирамидасы әшкере болды

Redaktor Shyn-Ar

Жасанды интеллект әсерінен қандай мамандықтар жойылып кетуі мүмкін?

Пікір жазу