«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратэкономика

Бір банктен екінші банкке ақша аударғанда ұсталатын комиссия құны өспек

Бір банктен екіншісіне ақша аудару кезіндегі комиссия алдағы уақытта қымбаттауы мүмкін. Келесі жылдан бастап банктердің ақылы қызметтеріне қосымша құн салығы салынбақ, ал бұл комиссиялардың өсуіне себеп болады дейді экономистер. Қаржыгерлердің айтуынша, салық депозит не несиеге емес, тек комиссиясы бар операцияларға ғана қолданылады, сондықтан кей қызметтер бәрібір қымбаттайды. Сонымен қатар банктердің ИТ инфрақұрылым, қауіпсіздік және персонал шығындары да өсіп жатыр, бұл да тарифтердің көтерілуіне әсер етуде. Халық комиссиялардың барын түсінгенімен, баға шектен тыс көтерілсе, қолма-қол ақшаға көшуге дайын екенін айтады. Экономистер келер жылы тек салық емес, жалпы қаржы саясаты өзгерісінің де ықпалы болатынын, бірақ банктер сұранысты жоғалтпау үшін бағаларды күрт өсірмеуі мүмкін екенін болжап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда 38 жаңа кен орны табылды

Қазақша білетін жастардың мұндай биік мәдениеттен хабары жоқ»: Almaty Museum of Arts музейіне бойкот жарияланды

Тұрғын үйлер мен автокөліктер: Заңсыз микроқаржы ұйымын құрғандарға 32 миллиард теңге көлеміндегі мүлкіне тыйым салынды