«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратТіл

Қазақ тілін қолдау қорына 824 миллион теңге жиналды: қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

Disney, Pixar және Sony студияларының 13 танымал фильмі қазақ тіліне дубляждалып, үлкен экранға жол тартты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Рауан Кенжеханұлын қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Президентке қоғамның қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған жұмыстары таныстырылды. Жобалар үш негізгі бағытты қамтиды: қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру, қазақша контентті көбейту және жаңа технологиялар арқылы тілдің мүмкіндіктерін кеңейту.

Рауан Кенжеханұлының мәлімдеуінше, OpenAI компаниясымен бірлескен жоба аясында 14 миллиард токеннен тұратын мәтіндік корпус жасақталып, 12 мың сағат аудиожазба жинақталған.

Сонымен қатар соңғы үш жылда Disney, Pixar және Sony студияларының 13 танымал фильмі қазақ тіліне дубляждалып, көрермен назарына ұсынылған.

Қазақ тілін қолдауға бағытталған Qazaq Tili Endowment қорының көлемі де артып келеді. Бүгінде қорға түскен жарна көлемі 824 миллион теңгеге жеткен.

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының қызметіне жоғары баға беріп, алдағы жобаларына сәттілік тіледі. Сондай-ақ мемлекеттік тілді оқытуда және ғылыми еңбектерді аударуда жасанды интеллектінің әлеуетін барынша пайдалану қажеттігін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде Путинмен кездесті

Алматыдағы LRT 2027 жылдың соңында іске қосылады

Алты жастағы баланы мектепке беру — кім үшін тиімді?

Redaktor Shyn-Ar