«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпарат

Алматыдағы LRT 2027 жылдың соңында іске қосылады

Алматы қаласының Жол инфрақұрылымын дамыту департаментінің мәліметінше, жеңіл рельсті көлік (LRT) 2027 жылдың соңында пайдалануға беріледі. Қазіргі уақытта жоба аясында дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Мамандар бұрынғы трамвай жолдарын және ескі асфальт жабынын бөлшектеп үлгерді. Келесі кезеңде жаңа көлік жүйесінің негізін қалау жұмыстары басталады.

Алғашқы LRT желісі Алатау ауданындағы индустриялық аймақты қала орталығымен және «Алматы-2» теміржол вокзалымен байланыстырады. Бағыттың жалпы ұзындығы – 18 шақырым. Жоба бойынша 34 аялдама салынып, әр пойыз 285 жолаушыға дейін тасымалдай алады. LRT-ның орташа қозғалыс жылдамдығы сағатына 35 шақырымды құрайды.

Астанадағы жеңіл рельсті жүйеден ерекшелігі – Алматыдағы LRT желісі негізінен жер үстімен өтеді. Сонымен қатар, көпдеңгейлі жол өткелдері салынбайтын көшелер арқылы жүргізіледі. Жобаның тағы бір ерекшелігі – әуе электр желілерінің қолданылмауы.

Алматы қаласының Жол инфрақұрылымын дамыту департаменті басшысының орынбасары Асан Бостановтың айтуынша, жоба аясында заманауи технологияларды пайдалану көзделген.

«LRT құрылысы аясында біз жылжымалы құрам үшін әуе электр желілеріне деген қажеттілікті жоятын заманауи шешімдерді қарастырып жатырмыз. Нақты айтқанда, пойыздар өз аккумуляторларының қуатымен қозғалып, станцияларда қайта зарядталатын болады», – деді Асан Бостанов.

Ұқсас жаңалықтар

Көлсай маңындағы зиратты қиратқан жігіт қамауға алынды

Redaktor Shyn-Ar

Шерзат Полаттың әкесі сотталушылардан түскен өтемақыны балалар үйіне аударатынын мәлімдеді

Redaktor Shyn-Ar

Премьер-министр Бектенов Үкімет отырысынан аяқ асты шығып кетті