«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлемБасты ақпарат

Мұнай бағасы АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс аясында өсуде

Әлемдік нарықта мұнай бағасы АҚШ пен Иран арасындағы ядролық келіссөздер төңірегіндегі шиеленістің бәсеңдемеуіне байланысты шамамен 2%-ға қымбаттады. Сарапшылар сондай-ақ әлемдегі ірі мұнай сақтау орталықтарындағы қорлардың азаюы баға өсіміне ықпал етіп отырғанын атап өтуде.

Brent маркалы мұнай фьючерстері барреліне 1,41 долларға немесе 2,1%-ға өсіп, 70,21 долларға жетті. Ал West Texas Intermediate (WTI) маркалы мұнай бағасы 1,36 долларға немесе 2,1%-ға көтеріліп, барреліне 65,31 долларды құрады.

UBS сарапшысы Джованни Стоуновоның айтуынша, Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленіс мұнай бағасын қолдап отыр, алайда жеткізілімге қатысты нақты іркілістер әзірге тіркелмеген. Сонымен қатар, ол ARA (Антверпен–Роттердам–Амстердам) аймағында және БАӘ-нің Фуджейра портында мұнай қорларының қысқаруы нарықтағы алаңдаушылықты күшейткенін атап өтті.

Еске сала кетейік, 6 ақпанда Оманда Иран мен АҚШ арасында жанама келіссөздер басталған болатын. АҚШ делегациясын арнайы өкіл Стивен Уиткофф басқарды. Келіссөздер барысында тараптар Иранның ядролық бағдарламасы, зымыран арсеналы және Таяу Шығыстағы прокси күштерді қолдау мәселелерін талқылап жатыр.

Өз кезегінде Иран санкциялар алынған жағдайда ядролық келісімді қайта жандандыруға дайын екенін мәлімдеді. Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи елдің уранды бейбіт мақсатта байытатынын айтып, «нөлдік байыту» саясатын қабылдамайтынын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

«Билік қазақ тіліне қиянат жасады» деу – бос әңгіме — Ерлан Қарин

Трамп соғыстың қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты

Алматыда үш шетелдік қамауға алынды