«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратСаясат

Қазақстан сыбайлас жемқорлық индексінде 96-орынға төмендеді

2025 жылы Қазақстан Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде (CPI) 182 елдің ішінде 96-орынға тұрақтады. Бұл туралы Transparency International Kazakhstan қоғамдық қоры хабарлады.

Қазақстан 100 мүмкін балдың 38-ін жинады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 балға төмен көрсеткіш. 2024 жылы ел 40 балл алып, 180 мемлекеттің арасында 88-орында тұрған еді.

38 балл жинаған елдер қатарында Қазақстанмен бірге Эфиопия мен Суринам бар. Ал рейтинг көшін Дания (89 балл), Финляндия (88 балл) және Сингапур (84 балл) бастап тұр. Ең төменгі көрсеткіш Оңтүстік Судан мен Сомалиде (9 балл), сондай-ақ Венесуэлада (10 балл) тіркелген.

Transparency International мәліметінше, индекс мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықтың қабылдану деңгейін сарапшылар мен бизнес өкілдерінің бағалауы негізінде анықтайды. Қарапайым азаматтардың пікірі есепке алынбайды. Бағалау шкаласы 0-ден (сыбайлас жемқорлық деңгейі өте жоғары) 100-ге дейінгі (өте төмен деңгей) аралықта жүргізіледі.

Ұйым өкілдері рейтингтегі орыннан гөрі жиналған балл саны маңызды екенін атап өтеді. 50 балдан төмен нәтиже көрсеткен елдер сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары мемлекеттер санатына жатады.

Қазақстанмен көршілес елдердің көрсеткіштері:

  • Өзбекстан – 31 балл (124-орын);

  • Қырғызстан – 26 балл (142-орын);

  • Ресей – 22 балл (157-орын);

  • Түрікменстан – 17 балл (167-орын).

Transparency International Kazakhstan ұйымы жағдайды жақсарту үшін келесі ұсыныстарды ұсынды:

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен тергеулердің институционалдық тәуелсіздігін қамтамасыз ету;

  • мемлекеттік шешімдердің ашықтығын арттыру, мемлекеттік бағдарламалар, сатып алулар және квазимемлекеттік сектор бойынша деректердің қолжетімділігін кеңейту;

  • сөз бостандығына кепілдік беріп, журналистер мен зерттеушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • азаматтық кеңістікті қорғау және үкіметтік емес ұйымдарға шектеу қоятын нормалардан бас тарту;

  • активтерді қайтару үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету.

Қор сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты мониторингтеуді жалғастыратынын мәлімдеп, мемлекеттік органдарды, азаматтық қоғамды және халықаралық серіктестерді сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бағытында бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісін қабылдады

Redaktor Shyn-Ar

Бүгін Нұрғиса Тілендиевтің туғанына – 100 жыл

Redaktor Shyn-Ar

Бүгін Астанада ҚХА-ның XXXIV сессиясы өтуде