«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратСаясат

Мәсімовтің үйі Астана әкімдігіне берілетін болды

Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке тиесілі үй әлеуметтік мақсатта пайдалану үшін тәркіленді.

Компанияның мәліметінше, Астана қаласы әкімдігінен бұл үйді әлеуметтік қажеттіліктерді өтеуге беру туралы ресми өтініш түскен.

«Әлеуметтік маңыздылығын және заңнама талаптарын ескере отырып, бұл нысан электрондық сауда жоспарынан алынды. Нысанды әрі қарай пайдалану мәселесі жергілікті атқарушы органның мүдделерін ескере отырып, белгіленген тәртіппен шешіледі», — делінген компания хабарламасында.

Айта кетері, Астана қаласы Нұра ауданы Қараөткел шағын ауданы Ерейментау көшесі 1-үй мекенжайында орналасқан жертөлесі бар тұрғын үй үш рет сатылымға шығарылған болатын.

Нысанның бастапқы бағасы 1,8 млрд теңге болған еді.

Зәулім үйді үш рет аукционға шығарғанымен, сатып алушылар табылмады.

Ұқсас жаңалықтар

“Шерзаттың өлімінен кейін сотталушыларды Хасанға қарсы жаламен көндірген”: Сотта Хасан Қасымбаевтың адвокаты прокуратура мен ҰҚК-ны айыптады

Қазақстан артық қор болған жағдайда Ресейге жанар-жағармай жеткізуге дайын

Министрлік атынан үй аралап жүрген алаяқтар пайда болды