«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратСаясат

Тоқаев Бурабайдағы жағдайды сынға алды

«Мен бұған толық сенімдімін. Бұл – стратегиялық маңызы бар міндет. Оның орындалуы Президент Әкімшілігінің тұрақты бақылауында болады. Сондықтан бізге шешімді жедел қабылдап, жұмысты сапалы атқару қажет. Әрбір мәселені ұзақ талқылай берудің қажеті жоқ.

Елорда тұрғындарының басым бөлігі демалыс және мереке күндері Бурабайға барады. Жол алыстығы бар, ең бастысы – бұл табиғи парктің экожүйесіне елеулі салмақ түсіреді.

Осыған байланысты Астана маңында экосаябақтар ашатын уақыт келді. Үкіметке аймақ әкімдерімен бірлесіп, ірі қалалар мен облыс орталықтарына жақын аумақтарда экосаябақтар құруды тапсырамын. Тағы да атап өтемін, ол жерлерде де тазалық қатаң сақталуы тиіс. Бурабайдағы жағдайды көріп отырмыз – бұл ұят. Ұлттық қорықты бүлдіріп жатқан бөгде біреулер емес, өз азаматтарымыз», – деді Президент.

Ұқсас жаңалықтар

«Көке мен сізді алдамаймын деп ант еткен»: Бишімбаевтың әкесі 1 миллион долларға қатысты іс бойынша сотта куәлік берді

Каспий теңізін кешенді зерттеуге 305 млн теңге бөлінді

Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады

shyn_ar_admin