«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Спорт

Алматыдағы марафонда екі адам көз жұмды: министр мәлімдеме жасады

Алматыдағы марафонда екі адам көз жұмды: министр мәлімдеме жасады
көрнекі сурет

Ербол Мырзабосынов жергілікті атқарушы органдар өткізетін мұндай шараларға талап күшейтілетінін атап өтті.

Алматы қаласында өткен жартылай марафон кезінде екі қатысушының қаза табуы – ауыр әрі ерекше назар аударуды қажет ететін жағдай. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді.

Оның мәліметінше қазіргі уақытта оқиға бойынша толыққанды тексеріс жүргізіліп жатыр.

«Қатысушылардың денсаулық жағдайы, жарысты ұйымдастыру тәртібі, медициналық қамтамасыз ету деңгейі мен қауіпсіздік регламенті жан-жақты сарапталады», — деп жазды министр Instagram-дағы парақшасында.

Ол жергілікті атқарушы органдар өткізетін мұндай шараларға талап күшейтілетінін атап өтті.

«Бұқаралық спорт қауіпсіз әрі кәсіби деңгейде ұйымдастырылуға тиіс.Туризм және спорт министрлігі бұл бағытта нақты ұсыныстар әзірлеп, тиісті құрылымдарға жолдайды», — деп түйінеді Мырзабосынов.

Еске сала кетейік, Алматыда өткен Almaty Half Marathon спорттық шарасында қайғылы оқиға болды. Жартылай марафонға қатысқан екі адам – 84 жастағы Аккоян Рсалиев пен 21 жастағы Нұрбол Ахмади жарыс кезінде көз жұмды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандық фристайлшылар Азия ойындарында тарихи алтынды жеңіп алды

shyn_ar_admin

Қазақстандық 7 футбол клубы сатылымға шығарылады

Пікір жазу