«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

«Құдайы аста ысырапқа жол бермеу» құжаты қабылданды

Елімізде "Құдайы аста ысырапқа жол бермеу" құжаты қабылданды
Фото: ҚМДБ

Астанада өткен имамдар форумы аясында «Құдайы аста ысырапқа жол бермеу» құжаты қабылданды.

Құжат – құдайы аста қарапайымдылықты сақтау, шариғат пен ұлттық дәстүр үйлесімін нығайту, қоғамда байқалып отырған ысырап пен бәсекеге жол бермеудің жолын көрсетеді.

Құжат аясында имамдар қазақстандықтарды келесі бағыттарда белсенді болуға шақырды:

  • Отбасы құндылықтарын сақтау – дініміз бен дәстүрімізде ер мен әйелге жүктелген міндеттерді орындап, ұрпақ тәрбиесін жүйелі жолға қою;

  • Құдайы аста ысырапқа жол бермеу – ас беру кезінде қарапайымдылықты сақтап, дін мен дәстүрді үйлестіру;

  • Дәстүрлі исламды насихаттау – ұлттық және рухани бірліктің негізін нығайту жолында белсенді болу.

Сондай-ақ, форумда «Қазақ халқының дәстүрінде және Ислам дінінде отбасы құндылығы» тұғырнамасы қабылданды. Бұл құжат – Исламдағы отбасы институтының орнын айқындап, ата-ана мен ұрпақ арасындағы байланысты күшейтуді, иманды, тәрбиелі әрі білімді жас ұрпақ тәрбиелеуді мақсат тұтқан маңызды бағдарлама болып табылады.

Ұқсас жаңалықтар

Сара Алпысқызы тірі: Қайтыс болды деген ақпарат шындыққа жанаспайды

Жолаушылар енді пойыздың нақты қай жерде келе жатқанын онлайн режимде бақылай алады

В Казахстане вводят новые правила покупки SIM-карт

Пікір жазу