«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратэкономика

АҚШ-қа 49 жылға жер жалға беру туралы келісімге Тоқаев қол қойды

АҚШ-қа 49 жылға жер жалға беру туралы келісімге Тоқаев қол қойды
ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 19 мамырда Қазақстан мен АҚШ үкіметі арасындағы Алматы қаласынан жер учаскесін жалға беру туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заңға қол қойды.

Келісімге 2024 жылғы 27 қыркүйекте Нью-Йоркте қол қойылған. Ауданы 70 593 шаршы метр болатын жер 49 жыл мерзімге жалға беріледі. АҚШ жағы жалға алу үшін 25,3 млн долларды бір реттік төлем ретінде төлейді. Сонымен қатар, америкалық тарап салықтар мен кедендік төлемдерден босатылады және барлық құрылыс, күтіп-ұстау мен коммуналдық шығындарды өзі өтейді.

Бұл аумақта АҚШ-тың Бас консулдығы, Сауда министрлігі, Есірткіге қарсы күрес агенттігі және Коммерциялық қызмет өкілдіктері орналасады. Жоба АҚШ-тың Орталық Азиядағы ең ірі виза хабын құруды көздейді және Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған.

Келісім аясында Қазақстанның Хьюстон қаласында Бас консулдық ашуына мүмкіндік беріледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Қытай банкінен неге қарыз алды?

Жазғы бағыттар: Қазақстанда қосымша пойыздар іске қосылады

Redaktor Shyn-Ar

Алматыда электр энергиясының тарифтері қымбаттамақ

Пікір жазу