«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСот

«Екі адамды жұмысқа алғаны үшін сотталды»: Ұлттық аккредиттеу орталығының экс-басшысына үкім шықты

"Бастығының өтінішінен кейін екі адамды жұмысқа алған": “Ұлттық аккредиттеу орталығының" бұрынғы басшысына сот үкімі шықты

«Ұлттық аккредиттеу орталығы» РММ бас директорының бұрынғы орынбасары Нұрлан Шоқбарбаев қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тергеу мәліметінше, ол Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің бұрынғы төрағасы Қуаныш Елікбаевтың өтініші бойынша оның екі көмекшісін заңсыз жұмысқа қабылдаған. Олар жалақы алып, нақты жұмыс атқармаған. Бұл әрекеттен мемлекетке 4,5 млн теңгеден астам шығын келген.

Сондай-ақ, Ұлттық аккредиттеу орталығында заңсыз сыйақылар беріліп, қызметкерлер бұл ақшаны қайта бас есепшіге өткізгені анықталған. Шоқбарбаев бұл қаражаттың бір бөлігін мерекелік шараларға жұмсағанын мойындады.

Елікбаев өз кезегінде ешкімді жұмысқа қабылдауға мәжбүрлемегенін, тек ұсыныс жасағанын және келтірілген шығынды өзі өтегенін айтты. Қазіргі уақытта ол Еуразиялық экономикалық комиссияда жұмыс істейді.

Ұқсас жаңалықтар

Үкіметтің қазіргі ұсынып отырған ҚҚС мөлшерлемесі тым жоғары — Тоқаев

shyn_ar_admin

Яндекс.Таксилерге бағаны шарықтатуға шектеу қойылды

Redaktor Shyn-Ar

ШҚО-да тағы екі аудан «өз уақыт белдеуіне» көшті

Пікір жазу