«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарБасты ақпаратСаясат

Досаев Алматы әкімі қызметінен босатылды

24 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ерболат Асқарбекұлы Досаевты Алматы қаласының әкімі қызметінен босату туралы Жарлыққа қол қойды. Ақпарат Ақорданың ресми Telegram арнасында жарияланды.

Досаев бұл лауазымды 2022 жылғы 31 қаңтардан бері атқарып келген еді.

1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында туған Ерболат Досаев – Алматы энергетикалық институты мен Мәскеудегі Бауман атындағы техникалық университеттің түлегі.

Ол қызмет жолын 1997 жылы банк саласында бастап, кейін вице-министр, министр, Ұлттық банк төрағасы, премьер-министрдің орынбасары сияқты жауапты мемлекеттік қызметтерді атқарды.

Алматы қаласын басқарған жылдары түрлі бастамаларымен көзге түскен Досаевтың орнына кімнің келетіні әзірге белгісіз. Бұған дейін 23 мамырда қалалық мәслихат отырысында жаңа әкімге келісім беру мәселесі қаралатыны хабарланған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Руслан Берденов басқа қызметке ауысуына байланысты Парламенттен кетті

Redaktor Shyn-Ar

Таразда мәслихат депутаты соққыға жығылды: Күдікті ұсталды

Redaktor Shyn-Ar

Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар жаңа қызметке тағайындалды

Пікір жазу