«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратҚоғам

ХҚКО бұрынғы қызметкері жер телімдерін алаяқтықпен иемденіп алған

«Азаматтарға арналған үкімет
көрекі сурет

Алматыда экс-мемлекеттік қызметкер мемлекет меншігіндегі жер телімдерін алаяқтық жолмен иемденгені үшін 7 жылға сотталды

Аталған қылмыстық істі Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті жүргізді.

Тергеу барысында анықталғандай, Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ға Жуков көшесі, 67-учаске (2,3 га) және Жамакаев көшесі, 77-учаске (6,3 га) мекенжайларындағы жер телімдері 5 жылға уақытша пайдалану құқығымен берілген.

Бұрын «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-та жұмыс істеген Әбдіжапаров жылжымайтын мүлікті тіркеу жүйесінің жұмыс тәртібін жақсы білген. Осыны пайдалана отырып, ол уәкілетті органдарға жалған құжаттар — жер телімдерінен бас тарту туралы жалған келісімдер мен әкімдік атынан шығарылғандай етіп жасалған жалған қаулыларды ұсынған. Нәтижесінде бұл жер телімдері Әбдіжапаровтың меншігіндегі «Айша Групп» ЖШС-нің атына заңсыз рәсімделіп, кейін ол оларды үшінші тұлғаларға 1,3 миллиард теңгеге сатып жіберген.

Сот санкциясымен жалпы нарықтық құны 13,6 миллиард теңге болатын жер телімдеріне тыйым салынды. Сот үкімі бойынша Әбдіжапаров ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (ірі көлемдегі алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Аталған жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды. Қазір бұл аумақтарда инновациялық хаб салу жоспарланып отыр.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Ұқсас жаңалықтар

Шахтадағы апаттың себебі белгілі болды

Redaktor Shyn-Ar

Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Ресейге барды

1 миллиард теңге жымқырды деп айыпталған бұрынғы спорт вице-министрі Қожағапановқа сот үкімі шықты

Пікір жазу