«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратӘлеумет

Алматыда «Арыстан» базарының ғимараты сүріле бастады

Алматыдағы атақты "Арыстан" базары сүріліп жатыр
ашық дереккөзден

Алматы қаласындағы Ақсай-4 шағынауданында орналасқан, жалпы аумағы 2000 шаршы метрден асатын «Арыстан» базары сот шешімі бойынша сүріліп жатыр. Бұл туралы Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады.

Бұған дейін жоспардан тыс жүргізілген тексеру барысында базар аумағындағы бірқатар нысандардың рұқсатсыз, заңсыз тұрғызылғаны анықталған. Атап айтқанда, базардың 2125,62 шаршы метрлік бөлігі ешқандай құжатсыз салынғаны белгілі болған.

Базардың меншік иесі – «Фирма Тигрохауд» ЖШС-не қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, басқарма аудандық сотқа заңсыз нысандарды бұзу туралы талап-арыз жолдаған.

2024 жылғы 1 наурызда аудандық сот аталған аумақты сүру туралы шешім қабылдады. Бұл шешім 2024 жылғы 19 шілдеде Алматы қалалық соты тарапынан өзгеріссіз күшінде қалдырылды.

Қазіргі уақытта сүру жұмыстары Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Шылым мен шу үшін жаза күшейді: Айыппұл – 58 мың, тіпті қамау бар

Белгілі журналист Диас Ахметшәріп өмірден өтті

Қазақстандағы ең ірі екі компания бірігетін болды

Пікір жазу