«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеуметДенсаулық

Қазақстанның үш қаласында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады

18 маусымда Қазақстанның үш қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі.

«2025 жылғы 18 маусымда Өскемен, Алматы, түнде Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді», — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Ұқсас жаңалықтар

Ресейден Қазақстанға тағы төрт жолбарыс әкелінеді

Redaktor Shyn-Ar

Қостанай облысында прокурорлар заңсыз кен іздеушіліктің жолын кесті

shyn_ar_admin

“Астана Банкінің“ бұрынғы басшысы сырттай 10 жылға сотталды

Пікір жазу