«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Аймақтар

Қазақстандық спортшыларға бейәдеп сөздер мен діни белгілерді қолдануға тыйым салынды»

Қазақстанда спортшылар, жаттықтырушылар мен спорт төрешілеріне балағат сөздер айтуға және діни сенімдерін көпшілік алдында көрсетуге ресми түрде тыйым салынды. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 27 маусымда қол қойған «Қазақстан Республикасының спорттық этикасын бекіту туралы» бұйрығында айтылған. Құжат жарияланған күннен кейін 10 күн өткен соң заңды күшіне енеді.

«Спорттық этика» қандай талап қояды?

Құжат екі бөлімнен тұрады:

– Жалпы ережелер;

– Мінез-құлық нормалары.

Бірінші бөлімде «жаттықтырушы», «төреші», «жарыс», «спорттық іс-шара», «спорттық этика» ұғымдары анықталып, олардың кәсіби қызметіндегі жауапкершілік түсіндірілген.

Екінші бөлім спортшылар мен спорт саласының өкілдеріне қойылатын этикалық және тәртіптік талаптарды нақтылайды.

Тыйым салынатын әрекеттер:

Балағат сөздер мен қорлау сипатындағы сөздер айту;

Жаттығу барысындағы ақпаратты жариялау;

Қазақстанның беделіне нұқсан келтіру;

Басқаларды діни бірлестіктерге тарту немесе миссионерлікпен айналысу;

Қоғамдық орындарда мас күйде жүру;

Қорқыту мен кемсіту әрекеттеріне жол беру;

Саяси демонстрацияларға қатысу.

Этикалық нормалар:

Қарсыластарды, төрешілерді, көрермендер мен ұйымдастырушыларды құрметтеу;

Мемлекеттік әнұран орындалған сәтте лайықты тәртіп сақтау;

Қоғамдық даулар мен жанжалдардан аулақ болу;

Бұқаралық ақпарат құралдарына сыйластықпен қарау;

Өзімен қатар өзгелерге де үлгі болу.

Жаңа талаптар спортшылардың ғана емес, жаттықтырушылар мен төрешілердің де кәсіби және қоғамдық жауапкершілігін арттыруды көздейді.

Ұқсас жаңалықтар

Қостанайда ресейлік әскери мейрам атап өтілді: жергілікті билік заңбұзушылықты растады

Redaktor Shyn-Ar

Қазақстанда шетелдік ер адам вейп үшін бір жылға бас бостандығынан айырылды

Redaktor Shyn-Ar

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: БАҚ ресейлік әскеридің соққы туралы түсініктемесін жариялады