«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратЗаң

Жетісуда қылмыстық топ уранды кәсіпорыннан заңсыз шығарып Қытайға тасымалдап келген

Жетісу облысында уран концентратын шетелге заңсыз шығаруға әрекеттенген қылмыстық топ мүшелеріне қатысты сот үкімі шықты.

Іс материалдарына сәйкес, алты адам ядролық материалдарды заңсыз сақтау, тасымалдау және шетелге шығаруға әрекеттену бойынша айыпталған. Тергеу барысында олардың өндірістік кәсіпорыннан уран концентратын заңсыз алып шығып, оны Қытайға жеткізу схемасын ұйымдастырғаны анықталған.

Айыпталушылар радиоактивті материалдарды жасырын сақтап, бірнеше адам арқылы тасымалдап, мемлекеттік шекарадан өткізуді көздеген. Алайда заңсыз әрекет Жетісу облысындағы “Нұр Жолы” шекаралық өткізу пунктінде әшкереленді.

Шекаралық бақылау кезінде күмәнді жүк анықталып, жүргізілген сараптама оның уран концентраты екенін растаған. Мамандар заттың радиоактивтілік деңгейі белгіленген қауіпсіздік нормаларынан бірнеше есе жоғары болғанын мәлімдеді.

Сот шешімімен үш айыпталушы 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Тағы екі адам 2 жыл 6 айға, бір айыпталушы 4 жыл 6 айға сотталды. Сотталғандардың барлығы жазасын орташа қауіпсіздік мекемелерінде өтейтін болады.

Ұқсас жаңалықтар

Дау тудырған «Түп-тұқияннан өзіме шейін» үздік 100 кітаптың қатарына енді

Redaktor Shyn-Ar

Перизат Қайраттың жымқырған байлығы – 4 автокөлік, 4 пәтер мен жеке үй аукционға шығады

Redaktor Shyn-Ar

Еліміздегі ең үздік қымыз анықталды