«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлемӘлеуметБасты ақпарат

«Телефонымды ұрлады!» – қазақстандық блогердің пранкі Қытайда заңбұзушылық ретінде қарастырылуда

Қытайдың әлеуметтік желілерінде және жаңалық платформаларында қазақстандық инстаблогер Аружан Айбекованың әрекеті қызу талқылануда. Жергілікті жұртшылық оның жауапқа тартылуын талап етіп отыр.

Қытайлық БАҚ-тың хабарлауынша, Аружан Айбекова «Қытайда ұрлық жоқ» деген пікірге күмән келтіріп, сауда орталығында пранк ұйымдастырған. Ол серіктесінің қалтасынан ұялы телефонын алып, оны жақын маңдағы қытай азаматтарының қолына күштеп ұстатып, артынша «телефонымды ұрлады» деп айқайлаған. Бұл әрекеттер видеоға түсіріліп, әлеуметтік желілерде жарияланған.

Сонымен қатар блогер Гуанчжоу қаласының көшелерінде және метро станцияларында бейтаныс ер адамдарға тиіп, түрлі физикалық әрекеттер жасап, оларды жасырын түрде видеоға түсірген. Қытай заңы бойынша, мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіпті бұзу және жеке тұлғалардың құқықтарын аяққа таптау ретінде бағаланады.

Гуанчжоу қалалық полициясы бұл іс бойынша тиісті шараларды қолға алған. Қытайлық заңгер Хань Дунъяньдің айтуынша, блогердің әрекеті «қоғамдық араздық туғызып, тәртіпсіздікке итермелеу» бабымен бағалануы мүмкін. Мұндай құқықбұзушылықтар үшін айыппұл, қамауға алу немесе елден депортациялау сынды жаза түрлері қарастырылған.

Жергілікті ақпарат құралдары бұл жағдайды мәдениеттілік пен заңға бағынудың маңыздылығын еске салатын мысал ретінде келтіріп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда үш бірдей қаржы пирамидасы әшкере болды

Redaktor Shyn-Ar

Кәрім Мәсімовтің жағдайы қалыпты – Ішкі істер министрі

МӘМС жүйесіне байланысты депутат Бас прокуратураға арызданбақ

Пікір жазу