«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Күзде Қазақстанда жанармай тапшылығы болуы мүмкін – Энергетика министрлігі

Энергетика министрлігі күзде Қазақстанда жанармай тапшылығы туындауы ықтимал екенін ескертті. Бұған басты себеп ретінде ресейлік рубль бағамының өсуі мен қазақстандық арзан жанармайдың Ресейге заңсыз экспортталуы көрсетілуде.

Министрліктің мәліметінше, отандық жанармай көрші елдермен салыстырғанда әлдеқайда арзан, бұл оның сыртқа заңды және көлеңкелі жолмен кетуіне ықпал етіп отыр. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың айтуынша, транзиттік көліктер арзан отынды Қазақстаннан құйып алып, тапшылық туғызуда. Осыған байланысты үкімет бағаны кезең-кезеңімен көтеру арқылы жағдайды теңестіруді көздеп отыр.

Жанармай бағасы өсіп жатыр

Қазіргі таңда еліміздің әр өңірінде жанармай бағасы әрқалай. Мысалы, Атырауда АИ-92 бензинінің литрі – 204 теңге, Шымкент пен Ақтөбеде – 207-210 теңге аралығында. Елордада бұл баға 222 теңгеге дейін көтерілген. Бензин бағасы мемлекеттік реттеу алынып тасталғалы бері 17 теңгеге өсті.

Дизель отынының бағасы Алматы, Шымкент және Астанада 315-319 теңгеге жеткен.

Баға өсуі халықтың қалтасына салмақ түсіріп отыр

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылдың алғашқы жеті айында елдегі инфляция 7,7 пайызды құрады.

  • Ақылы қызметтер 9,2%-ға,

  • Такси бағасы – 11,1%-ға,

  • Азық-түлік – 8,4%-ға,

  • Картоп – 39,7%-ға,

  • Жаңа піскен жемістер – 22,1%-ға,

  • Ет – 11,9%-ға қымбаттаған.
    Азық-түлік емес тауарлар 5,3%-ға өссе,

  • Сұйытылған газ – 14,5%,

  • Дизель отыны – 5,9%,

  • Бензин – 4,9%-ға қымбаттаған.

Бюро өкілдерінің айтуынша, жанармай бағасының өсуі басқа тауарлар мен қызметтердің құнына әсер еткенімен, нақты есеп жүргізілмейді.

Сарапшылар не дейді?

Мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байділдиновтің айтуынша, Қазақстанда арзан жанармай дәуірі аяқталуға жақын. Оның сөзінше, АИ-92 бензинінің өзіндік құны нарықта шамамен 320-350 теңге. Бүгінгі баға – тек «шығынды жабуға жақындау әрекеті».

Жағдайды тұрақтандыру шаралары қабылданып жатыр

Үкімет мұнай өнімдерінің тапшылығын болдырмау үшін бірқатар шаралар қабылдап жатқанын хабарлады. ЕАЭО елдерімен шекарадағы бекеттерде жанармайдың сыртқа шығарылуына тосқауыл қойылып жатыр. Сондай-ақ, Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуаттылығын 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланған.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта ішкі нарықта мұнай өнімдерінің жеткілікті қоры бар және жағдай тұрақты

Ұқсас жаңалықтар

Шахановқа тіл тигізген Серікжан Біләшті АҚШ-тағы қазақтар жауапқа тартпақ

Redaktor Shyn-Ar

Алматыда Саин көшесінің бір бөлігінде жылдамдық 60 км/сағ-қа дейін төмендетілді

Тоқаев Бахрейн халқына қолдау білдірді