«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

Тоқаев Бахрейн халқына қолдау білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифамен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында тараптар Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады.

Мемлекет басшысы қазіргі күрделі кезеңде Қазақстан халқы Бахрейн халқына тілектес екенін атап өтті. Сондай-ақ Иранға қарсы соғысқа қатыспаған Бахрейн мен өзге де елдердің азаматтық инфрақұрылымына жасалған зымырандық шабуылдарға алаңдаушылық білдірді.

Президент қақтығысты ушықтырмай, оны диалог пен дипломатия жолымен бейбіт түрде шешу қажет екенін жеткізді. Қазақстан тарапы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған халықаралық күш-жігерді қолдайтынын мәлімдеді.

Өз кезегінде Король Хамад бен Иса Әл Халифа көрсетілген қолдау үшін ризашылығын білдірді. Ол сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамытуға басымдық бере отырып, екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға ниетті екенін растады.

Тараптар Қазақстан мен Бахрейн арасындағы достық қарым-қатынас пен серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін атап өтіп, қасиетті Рамазан айында екі ел халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев пен Трамп құны 17 миллиард доллардан асатын келісімге қол қойды

Қазақстандағы екінші АЭС құрылысын Қытайлық компания салады

Қазақстанда банк картасын басқа біреуге бергендер сотталады