«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлем

Қазақстан Иракқа ет экспорттауды бастады

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Қазақстаннан союға арналған ірі қара мал (ІҚМ) және ұсақ малды (ҰМ) экспорттауға қатысты ветеринариялық сертификаттар нысандарының Ирак Республикасының ветеринариялық қызметімен келісіліп, ресми түрде бекітілгенін хабарлады.

Аталған құжаттар екі елдің ветеринариялық қызметтері арасындағы екіжақты келіссөздер нәтижесінде қабылданды. Бұл келісімдер қазақстандық өндірушілер үшін жаңа экспорттық бағыт ашып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеткізілім географиясын кеңейтуге және Таяу Шығыс елдерімен сыртқы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.

Ветеринариялық талаптардың халықаралық деңгейде мойындалуы – Қазақстанның ветеринариялық бақылау жүйесіне деген жоғары сенімділікті білдіреді. Бұл – елдің мал шаруашылығы саласының экспорттық әлеуетін арттыру жолындағы маңызды қадам.

Ирак қазақстандық ет өнімдері үшін жаңа әрі перспективалы нарыққа айналып отыр. Бұл ауыл шаруашылығы кешені саласындағы сыртқы сауданың оң серпінін көрсетеді.

Комитет қазақстандық экспорттаушылардың сұраныстары негізінде басқа елдермен де ветеринариялық-санитариялық талаптарды келісу жұмыстарын жалғастыруда және отандық бизнестің шетелдік нарықтарға шығуына жан-жақты қолдау көрсетуді көздейді.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда мыңдаған студентке жатақханада орын жетпейді

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ – ӘЛЕМДІК ЭЛИТАДА: ПЕДАГОГТАР ДАЯРЛАУ БОЙЫНША ӘЛЕМНІҢ ТОП-50 ҚАТАРЫНА ЕНДІ

32 жастағы Асылбек Ахметжанов оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды