«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратТағайындау

32 жастағы Асылбек Ахметжанов оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды

Жас вице-министрдің тағайындалғаны туралы қаулыны үкіметтің баспасөз қызметі жариялады.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ахметжанов Асылбек Амантайұлы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды», – делінген хабарламада.

Асылбек Ахметжанов 1993 жылғы 7 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Оның екі жоғары білімі бар:

– Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Есеп және аудит» мамандығы бойынша;
– Қазақ технология және бизнес университетінде «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша.

Мемлекеттік қызмет жолын 2016 жылы бастаған. Цифрландыру және электронды мемлекеттік қызметтер саласындағы түрлі департаменттерде сарапшы, басшы қызметтерін атқарған.

2025 жылғы ақпан айынан бастап Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформацияның архитектурасы және саясаты департаментінің директоры қызметін атқарған.

Ұқсас жаңалықтар

Басына екі оқ тиген сарбаз: Қайсар Сұлтанов ісінде әділдік бар ма?

Жаңа шетелдік әуекомпаниясы Алматыға рейс ашады

АҚШ орынсыз қадамдарын тоқтатпаса, бейжай қарап отырмаймыз – Қытай