«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратБілім

Әкімдіктер бөлген білім беру гранттарына өтініш қабылдау басталды

Жергілікті әкімдіктер бөлген 1544 білім беру грантына өтініш қабылдау басталды

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы жергілікті атқарушы органдар тарапынан барлығы 1544 білім беру гранты бөлінді.

Атап айтқанда:

  • Астана қаласы – 526 грант

  • Шығыс Қазақстан облысы – 299 грант

  • Шымкент қаласы – 285 грант

  • Атырау облысы – 265 грант

  • Абай облысы – 200 грант

  • Түркістан облысы – 180 грант

  • Батыс Қазақстан облысы – 128 грант

  • Маңғыстау облысы – 108 грант

  • Қалған өңірлер – 100-ден аз грант бөлген.

Грант конкурсына қатысу үшін талапкерлер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына өтініш тапсыруы тиіс. Өтінішпен бірге келесі құжаттар ұсынылады:

  • білім туралы құжат (аттестат немесе диплом),

  • ҰБТ сертификаты,

  • жеке куәліктің көшірмесі,

  • жеңілдік санатын растайтын құжаттар (бар болған жағдайда).

Құжаттарды қабылдау мерзімі туралы нақты ақпаратты жергілікті әкімдіктерден немесе ЖОО-лардың қабылдау комиссияларынан білуге болады. Грант тағайындау туралы шешімді әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды.

Айта кетейік, жоғары оқу орындарына қабылдау 2025 жылдың 25 тамызында аяқталады.

Ұқсас жаңалықтар

Арман Қырықбаев: Мемлекет басшысы – жаңа Конституцияның негізгі авторы

«Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе…» – Тоқаев сайлау мәселесі бойынша маңызды ұсыныс айтты

Айдар Әбілдабеков Сауда және интеграция вице-министрі болды