«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлеуметБасты ақпарат

Жетім балаларға қатысты даудан кейін облыс әкімінің орынбасары орнын босатты

Алматы облысында Бағанашылдағы жетім балаларды көшіруге байланысты туындаған даудан кейін облыс әкімінің орынбасары Болат Күреңбеков қызметінен босатылды.

Болат Күреңбеков бұл қызметке 2024 жылдың тамыз айында тағайындалған болатын. Бұған дейін ол Павлодар мен Алматы облыстарында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің түрлі басқармаларында жауапты қызметтер атқарған. Сонымен қатар Қостанай облысы бойынша ҰҚК басқармасы бастығының бірінші орынбасары лауазымында жұмыс істеген.

Айта кетейік, тамыз айының басында дәл осы мәселеге байланысты облыстық білім басқармасының басшысы Салтанат Баспаева мен ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Әбітов те қызметтерінен босатылған еді.

Еске салсақ, Бағанашыл балалар үйінің тәрбиеленушілерін еркінен тыс Қонаев қаласына көшіру туралы шешім қоғамда үлкен наразылық туғызған болатын. Қоғам белсендісі Аружан Саин бұл әрекетті заңға және Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясына қайшы деп бағалады.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңесті басқарады

Темірлан Еңсебек 5 жылға шартты түрде сотталды

Мағзұм Мырзағалиев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды

Redaktor Shyn-Ar