«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратСаясат

Бостандық ауданының әкімі Санжар Әлин қызметінен кететінін растады

Санжар Әлин

Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Санжар Әлин қызметінен кету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ол журналистерге өзі растады.

«Иә, екі рет өтініш бердім. Алғашқысын 1 шілдеде жаздым, бірақ қалуымды сұрады. Екіншісін 4 тамызда тапсырдым, қазір келісімін күтіп отырмын», – деді Әлин.

Оның айтуынша, отставкасының себебі – басқа қызметке ауысу.

Санжар Әлин 2023 жылдың 19 мамырынан бастап Бостандық ауданының әкімі қызметін атқарып келді. Ол 1984 жылғы 30 тамызда дүниеге келген.
Білімі бойынша:

  • Regents Business College (Халықаралық маркетинг мамандығы),

  • The University of Winchester (MBA дәрежесі),

  • Д.А. Қонаев атындағы гуманитарлық көлік және құқық университеті – жоғары білімі бар.

Кәсіби тәжірибесі:

  • Жеке кәсіпкерлік,

  • Квазимемлекеттік сектор,

  • Мемлекеттік қызмет,

  • Алматы қаласындағы энергетика және инфрақұрылым саласындағы басқару қызметтері.


Айта кетейік, Алматы қаласының жаңа әкімі Дархан Сатыбалды қызметіне кіріскен соң қала әкімдігінде бірқатар кадрлық өзгерістер орын алуда. Соңғы күндері қаладағы бірнеше лауазымды тұлға өз қызметінен босатылды:

  • 7 тамыз – қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова қызметінен кетті,

  • 13 тамыз – тағы бір орынбасар Асқар Әмрин отставкаға кетті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандағы рақымшылық: Қанша сотталушы бостандыққа шығады?

«Бұл – отбасының жеке мәселесі»: Еңбек министрлігі сәбиімен курьер болып жүрген анаға қатысты пікір білдіруден бас тартты

«Кітаптар әлемі» бес жылдық мерейтойын атап өтті

Redaktor Shyn-Ar