Суицидтің алдын алу – бүгінгі қоғамдағы маңызды мәселелердің бірі. Бұл бағыттағы психодиагностика мен психопрофилактикалық іс-шаралар суицидке дейінгі кезеңдегі адамдарға көмек көрсетуге бағытталған. Мұндай қолдау жеке, топтық және отбасылық психотерапия түрінде жүзеге асырылады. Адамды өз-өзіне қол жұмсаудан сақтаудың факторлық талдауы практикалық маңызы зор.
Суицидтің алдын алуда келесі факторлар ерекше рөл атқарады:
-
Депрессиялық бұзылулармен байланысты психикалық аурулардың болмауы;
-
Отбасындағы жақсы қарым-қатынас;
-
Нақты немесе формальды ойлау деңгейіне жетпеген когнитивтік қызмет;
-
Адамның ойлау қабілетінде суицидке қарсы мәдени және рухани-діни факторлардың қалыптасуы;
-
Депрессиялық күй мен сезімталдықты, сондай-ақ балалық кездегі травмалық оқиғаларды жою мақсатында жеке терапияның ұйымдастырылуы.


Аталған мәселеге қатысты 10 қыркүйекте ҚАЖ Департаментіне қарасты №67 мекемесіне М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, психология ғылымдарының магистрі А. Абдрахманова арнайы шақыртылды. Ол мекемеде ұсталатын тергеудегі және сотталған азаматтармен «Суицидті алдын-алу» тақырыбында дәріс оқып, суицидтің алдын алу мақсатында түрлі психопрофилактикалық тренингтер өткізді және жеке сұхбаттар жүргізді.
Бұл шаралар тергеудегі және сотталған азаматтардың психикалық денсаулығын сақтау мен нығайтуға, сондай-ақ суицидтік әрекеттердің алдын алуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
№67 мекемесінің инспектор-психологы
Әділет аға лейтенанты
А.Е. Аташева
