«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСпорт

Monster of Shymbulak қайта оралды!

2025 жылдың 12 қыркүйегінде Шымбұлақ тау курортында ерекше әрі мәртебелі жарыс – Monster of Shymbulak дәстүрлі түрде өтеді. Бұл жарыс скайраннинг пен арқан жолындағы жарыстарды бірегей түрде біріктірген алғашқы Қазақстандағы жарыс болып табылады.

Жарыстың ұзақтығы 3,3 км, биіктігі 900 метрді құрайды. Маршрут Шымбұлақ базалық станциясынан (2200 м) бастап, Талғар асуына дейін (3200 м) жетеді. Қатысушылар жарысты Комби-1 және Комби-2 арқан жолдары арқылы түседі.

Monster of Shymbulak жарысы Қазақстандағы скайраннингтің ең ірі жүлде қоры – 1 000 000 теңге – ұсынылатын жарыс болып саналады. Ерлер мен әйелдер арасында арқан жолдан бірінші болып келген жеңімпаздар басты ақшалай сыйлыққа ие болады.

Биыл жарысқа әлемнің 8 елінен – Ұлыбритания, Беларусь, Ресей, Чехия, Армения, Қазақстан, Испания және Өзбекстаннан барлығы 180-нен астам спортшы қатысуға өтінім беріп үлгерді. Monster of Shymbulak – бұл тек физикалық күш пен жылдамдықты ғана емес, мықты рух пен төзімділікті де сынайтын ерекше жарыс.

Өткен жылы жарыс алғаш рет өтті. Сол кезде Ресей, Испания, Ұлыбритания, Беларусь, Қырғызстан және Қазақстаннан қатысушылар бақ сынады. Ерлер арасында жеңімпаз атанған Дарын Конысбаев пен әйелдер арасында жеңіске жеткен Диана Айдоссова өз уақыттарын сәйкесінше 34:31 және 46:46-ға жетілдіріп, әрқайсысы 500 000 теңге жеңіп алды.

Жарыста ерекше әсерлі сәттер де көп болды: 85 жасар Владимир Ковальчуктың жарысқа қатысуы және 8 айлық баласын көтеріп шыққан Александра Колмакованың ерлігі көпшілікті тәнті етті.

Бұл жарыс әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған спортшылардың басын қосып, спорттық рух пен достық атмосферасын қалыптастырады. Қатысушылар мен көрермендер үшін бұл нағыз мерекеге айналады.

Тіркелу қазір жүріп жатыр! Қатысқыңыз келсе, ресми сайт арқылы өтініш бере аласыз: athletex.kz/competitions/Monster2025

Бұл – жай ғана жарыс емес. Бұл – өзіңді сынау, шын мәніндегі күш пен ерік-жігерді көрсету, және сенің жазатын тарихың!

Ұқсас жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде Путинмен кездесті

Әскери бөлімдерде пицца мен бургерге тапсырыс беру мүмкіндігі пайда болды

Шерзат Болат ісі бойынша сотталғандар рақымшылыққа іліне ме?