«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Азық-түлік бағасының өсуі бойынша Қазақстан әлемдік бестікке кірді

Қазақстан азық-түлік бағасының өсу қарқыны бойынша әлемдегі ең жоғары бес елдің қатарына енді. Тізімді БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (FAO) жасаған.

Рейтинг 2026 жылға арналған азық-түлік инфляциясының болжамды көрсеткіштері негізінде түзілген. Ең жоғары көрсеткіш Иранда болады деп күтілуде – жылдық есепте 49,1%. Екінші орында – Аргентина (34,9%), үшінші орында – Түркия (31,4%). Төртінші сатыда 13,7% көрсеткішпен Ангола орналасқан.

Қазақстан 12,2% көрсеткішпен бесінші орынға тұрақтады. Қазақстаннан кейін тізімде Моңғолия (11,9%), Грузия (11,6%) және Эфиопия (11,2%) бар. Ал өзге елдерде жыл соңына дейін азық-түлік бағасының өсімі 10%-дан төмен болады деп болжануда.

Көрші елдердегі болжамды көрсеткіштер де жарияланды: Украинада азық-түлік инфляциясы 9,2% деңгейінде күтілсе, Қырғызстан мен Беларусьте – 8,6%, Арменияда – 7,6%, Ресейде – 5,8%, ал Өзбекстанда 5,7% болады деп болжанып отыр.

Рейтинг авторларының айтуынша, азық-түлік инфляциясына ең алдымен ұлттық валюталардың айырбас бағамы, шикізат құны, сауда мен логистикадағы іркілістер, сондай-ақ ішкі нарықтағы ұсыныс көлемі әсер етеді.

Айта кетейік, Қазақстанда 2026 жылдың ақпан айында азық-түлік инфляциясы жылдық есепте 12,7% болды.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында азық-түлік бағасын негізсіз өсірген кәсіпкерлерге 1,5 миллион теңгеден астам айыппұл салынғаны хабарланған еді.

Ұқсас жаңалықтар

ОПЕК+ мұнай өндірісін арттырады: Қазақстан дайын ба?

Ет бағасы 15–20 мың теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін — сарапшы

Redaktor Shyn-Ar

Яндекс.Таксилерге бағаны шарықтатуға шектеу қойылды

Redaktor Shyn-Ar