«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлеуметБасты ақпарат

Жаңалықтар мен ғылыми жарияланымдар ЛГБТ насихатына жатпайды – министрлік

Мәдениет және ақпарат министрлігі «насихат» ұғымын, әсіресе ЛГБТ тақырыбына қатысты, «оң баға беру және оған қосылуға үндеу жасау» ретінде түсіндіретінін мәлімдеді. Ал жаңалық, ғылыми және статистикалық жарияланымдар заң бұзушылық болып саналмайды.

Министрліктің түсіндіруінше, «дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды насихаттау» – бұл осындай бағдар туралы ақпаратты бұқаралық түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформалар мен телекоммуникациялық желілер арқылы, оның ішінде белгісіз тұлғалар тобына арнап әдейі бұрмаланған түрде тарату, сондай-ақ оң қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында жариялау.

Ведомство оң көзқарас қалыптастыру ниетінің негізгі өлшем екенін атап өтті. Яғни дәстүрлі емес сексуалдық бағдарға немесе педофилияға қатысты жағымды имидж қалыптастыру мақсатында таратылған кез келген ақпарат насихат ретінде жіктеледі.

Сонымен қатар, егер контентте тек мысалдар, статистика және осыған ұқсас деректер ғана берілсе, мұндай ақпаратты таратушы жауапкершілікке тартылмайды. Бұл талап ғылыми және білім беру материалдарына да қатысты.

«Ғылыми және білім беру контентінде дәстүрлі емес сексуалдық бағдарға қатысты мысалдар, фактілер, сандар, статистика және өзге де ақпарат насихатсыз берілуі мүмкін. Алайда мұндай материалдарда ЛГБТ-ға қатысты үгіт-насихат немесе оң пікір қалыптастыру болмауы тиіс», – деп түсіндірді министрлік.

Заң талаптары пайдаланушылар жасаған контентке де қолданылады. Посттар, репосттар және пікірлер ақпарат тарату ретінде қарастырылады. Сондықтан жеке тұлғалар да жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу туралы» заңға қол қойған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Кәрім Мәсімов жазасын қайда өтеп жатыр – ІІМ вице-министрі жауап берді

Redaktor Shyn-Ar

13 наурыздан бастап Қазақстанда 70%-ға дейін жеңілдік болады

Электросамокатқа тәртіп орнайды: ІІМ қадағалауды күшейтті

Redaktor Shyn-Ar