«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлемҚоғам

Дубайдағы зымыран түскен элиталық кешеннен қазақтарға тиесілі 97 пәтер анықталды

Дубайдағы Иран зымыраны түскен Fairmont The Palm резиденциясынан қазақстандықтарға тиесілі 97 пәтер анықталғаны хабарланды. Бұл туралы журналист Манас Қайыртай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Оның мәліметінше, аталған элиталық кешенде қазақстандық ауқатты азаматтарға тиесілі 96–97 пәтер бар. Журналистің айтуынша, резиденцияның бір бөлігі қонақ үй ретінде жұмыс істейді, ал екі ғимараты тұрғын үй кешені саналады.

C4ADS ұйымының 2022 жылғы дерегіне сәйкес, бұл резиденциядан қазақстандықтар 97 пәтер сатып алған. Олардың арасында бұрын мемлекеттік қызметте жоғары лауазым атқарған тұлғалардың туыстары да бар екені айтылады.

Жарияланған тізімде Бағда Баталова (экс-әкім Амандық Баталовтың жұбайы), Мирас Мами (Жоғарғы соттың бұрынғы төрағасы Қайрат Мамидің ұлы), Лейла Адайбекова (Берік Имашевтің жұбайы), Елжан Имашев (Берік Имашевтің ұлы), Жанар Сейдвалиева (Қайрат Шәріпбаевтың бұрынғы жұбайы), Қорлан Шәріпбаева (Қайрат Шәріпбаевтың қызы), Өркен Есей (Ахметжан Есімовтың күйеу баласы), Алена Шенесары (Гүлжан Қарағұсованың келіні), Қайсын Жұмағалиева (Асқар Жұмағалиевтің анасы), Сержан Дүйсебаев (Қазақстанның ЕЭО-дағы өкілі), Руслан Ақбердиев (Президент күзет қызметінің бұрынғы қызметкері), Ғабдулхәкім Жашыбеков (Президент әкімшілігінде қызмет атқарған генерал), Николай Родостовец (экс-министр), Ардақ Зиябек (экс-вице-министр Берік Толымбаевтың ұлы) бар.

Бұған дейін Дубайдағы Fairmont The Palm резиденциясына Иран зымыраны түскені туралы ақпарат тараған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Көпбалалы отбасыларға жәрдемақы беру тоқтатылады: Министр түсіндірді

Қазақстандық клиникалар МӘМС-тен 200 миллион теңге жымқырған

Тоқаев: Қазақстан жаһандық қиындықтарға қарсы тұра білді

Redaktor Shyn-Ar