станада Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары, саясаттану ғылымдарының докторы Ержан Бабақұмаров көз жұмды. Полицияның мәліметінше, бұрынғы шенеунік соққыдан алған жарақат салдарынан қайтыс болған.
Оқиға 30 қазанға қараған түні болған. Алдын ала деректер бойынша, Ержан Бабақұмаров таныстарымен бірге кеш өткізген. Жиналғандар арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Бабақұмаров ауыр жарақат алып, сол жерде көз жұмған.
Журналист Михаил Козачковтың хабарлауынша, күдікті ретінде 36 жастағы Шығыс Қазақстан облысының тумасы Ербол Каукетай ұсталған.
Ержан Бабақұмаров 1969 жылы 2 наурызда бұрынғы Талдықорған облысында дүниеге келген. 1996 жылдан бастап түрлі мемлекеттік қызметтер атқарған. Ол Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінде, Премьер-Министр Кеңсесінде, Мәдениет және ақпарат министрлігінде, сондай-ақ Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.
