«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясатТаным

Қазақстанның ұлттық нышандар тізімі бекітілді

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын айқындайтын Жарлыққа қол қойды. Құжатта елдің тарихи-мәдени ерекшеліктерін бейнелейтін ұлттық нышандар тізімі бекітілген.

Ұлттық нышандар елдің өзіндік келбетін айқындап, жалпыұлттық бірегейлікті нығайтуға және тарихи-мәдени мұраны сақтауға бағытталған.

Жарлыққа сәйкес, жалпыұлттық нышандардың тізімі төмендегідей:

  • Ұлттық ұран«Алға, Қазақстан!»

  • Ұлттық түстер – аспан түстес көк және алтын сары

  • Ұлттық кітап нышаны – Абайдың «Қара сөздері»

  • Ұлттық бірлік нышанышаңырақ

  • Ұлттық музыкалық аспап нышаныдомбыра

  • Ұлттық өсімдік нышанықызғалдақ

  • Отандық өнімнің ұлттық белгісі«Қазақстанда жасалған» / «Made in Qazaqstan»

  • Ұлттық хэштегтер#Qazaqstan, #Kazakhstan

Құжатта көрсетілгендей, бұл нышандар елдің бірыңғай бренд жүйесін қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, мәдени және білім беру мекемелерінің, азаматтық қоғам институттарының қызметінде қолдануға бағытталған.

Ұлттық нышандар салтанатты рәсімдерде, қоғамдық-саяси және мәдени-бұқаралық іс-шараларда кеңінен пайдаланылмақ.

Ұқсас жаңалықтар

СҚО-да қытайлық зауытта жарылыс болды: жұмысшылар мен құтқарушылар зардап шекті

Тоқаев: Путин Назарбаевты оның жеке өтініші бойынша қабылдағанын айтты

Qaznews24 парақшасы жабылды: Темірлан Еңсебекке қатысты іс жалғасуда