«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлеуметБасты ақпарат

Қазақстанда туды өртеу оқиғасынан кейін 12 адам қамауға алынды

Қазақстанда мемлекеттік туды өртеу оқиғасынан кейін 12 адам қамауға алынды. Алматы облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 13 қарашада облыстың Ұйғыр ауданында полиция шет мемлекеттің туы мен мемлекет басшысының бейнесін өртеп, өзге де құқыққа қайшы әрекеттер жасаған азаматтардың заңсыз топтасқан жиналысын тоқтатқан.

  • Материалдарды сотта қарау нәтижесінде 12 азамат ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар тағы 6 қатысушыға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – делінген хабарламада.

Бұл фактіге қатысты араздықты қоздыру дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Полиция мемлекеттік рәміздерге қол сұғу, сондай-ақ араздық тудырып, қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға бағытталған кез келген әрекет заңның өрескел бұзылуы екенін және мұндай фактілер қатаң түрде заңға сәйкес тоқтатылатынын ескертеді.

Ұқсас жаңалықтар

Шылым мен шу үшін жаза күшейді: Айыппұл – 58 мың, тіпті қамау бар

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні

Маңғыстау облысында электр энергиясының бағасы көтерілді

shyn_ar_admin