«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

Министрлік атынан үй аралап жүрген алаяқтар пайда болды

Әлеуметтік желілерде өзін Оқу-ағарту министрлігінің қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адамдар үйлерді аралап жүргені туралы видеолар тарады. Астана тұрғыны Instagram парақшасында жариялаған видеода екі әйелдің үйіне келіп, өздерін министрлік өкіліміз деп таныстырып, үйде оқушылар бар-жоғын сұрағаны айтылады. Олар тұрғыннан жеке деректерін де жазып алған.

Оқу-ағарту министрлігі бұл оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берді.

«Оқу-ағарту министрлігі ешқандай қызметкердің үй аралап, жеке деректер немесе өзге де ақпарат жинамайтынын ресми түрде мәлімдейді. Өзін министрлік атынан келдік деп таныстырып, құжаттар мен дерек талап етіп немесе үйге кірмек болған адамдардың біздің ведомствоға қатысы жоқ. Олар алаяқтар болуы мүмкін. Бұл тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне министрлік жауапты емес», – делінген ресми хабарламада.

Ведомство өкілдері тұрғындарды қырағылық танытып, мұндай жағдай орын алған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарласуға шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда сәуір айынан бастап не өзгереді?

Redaktor Shyn-Ar

Сирек металдар: жаңа кен орындары ашылуы мүмкін өңірлер аталды

Ақылы жолдардағы төлем жасау ережелері жеңілдейді — Көлік министрлігі

Redaktor Shyn-Ar