«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратҚұқық

«Қасақана жаңылдырады»: Бас прокуратура азаптауға қатысты түсініктеме берді

Қазақстанның Бас прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша қозғалған істер аясында тергеу органдары азаптау қолданады деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Ведомство мұндай мәліметтердің әдейі жалған таратылып жатқанын айтып, заңда қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Бас прокуратураның хабарлауынша, кейбір тұлғалар заңды тергеу әрекеттерін – жауап алуға шақыруды, жауап алуды және соттың үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын – азаптау ретінде көрсетіп, қоғамды қасақана жаңылыстыруда.

Ведомство азаптау ұғымының нақты анықтамасын түсіндірді. Қылмыстық кодекстің 146-бабына сәйкес, азаптау – лауазымды тұлғаның қасақана түрде физикалық күш қолдануы немесе психологиялық қысым көрсетуі. Бұл норма Қазақстан ратификациялаған БҰҰ-ның Азаптауға қарсы конвенциясы мен Ыстамбұл хаттамасының талаптарына толық сәйкес келеді.

Бас прокуратураның мәліметінше, аталған қылмыстық істер бойынша тергеушілер тарапынан заңсыз әрекеттер мен азаптау фактілері тіркелмеген. Барлық процессуалдық іс-шаралар Қылмыстық-процестік кодекс талаптарына сай жүргізіліп жатыр.

Ведомство кейбір тұлғалардың жалған ақпарат тарату арқылы қоғамдық пікірді өз пайдасына бұрмалап, құқық қорғау органдарының беделін түсіруге және тергеудің объективті жүргізілуіне кедергі келтіруге тырысып отырғанын атап өтті.

Сондай-ақ Бас прокуратура жалған ақпарат таратқаны және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізетін тұлғалардың қызметіне араласқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертті.

Ұқсас жаңалықтар

Қоршау ішіндегі трагедия: Ит иесі кінәні балаға жапты

Шымкент тұрғыны 120 тонналық вагонды сүйреп, рекорд орнатты

Shymbulak оразада қонақтарға арнайы жағдай жасады