«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратТаным

НҰРМАН БАУЫ

Халық даналығында «ат аунаған жерде түк қалады» деген теңеу бар. Бұл теңеу адам баласына астарлы сын тастағандай, ізгілік із күткендей әсер береді. Ел ішін жиі аралаймыз, Арал мен Қаратау арасында біз бармаған ауыл кемде кем шығар.

Бірде Жаңақорған ауданының қиырында қоныс тепкен Қандөз ауылына жол түсті. Елді мекенге кіреберіс қақпаның оң қапталы қоюланған қалың ағаш екен. Табиғаттың ерекше көрінісі көзді еріксіз байлады. Ел-жұрттан сұрастырып, оның бағбанын білдік. Сөйтсек, «Сыр бойы» газетінің меншікті тілшісі Нұрмахан Елтай баптаған бауы болып шықты.

Нұрмахан осы ауылдың түлегі. Ауылдың үлкен-кішісі оны Нұрман дейді. Жасынан жаңалыққа жаны құмар ол жастарды спортқа, өнерге, табиғатты сүюге баулып, одан назар ауатын нәтиже болған. Нұрманның арқасында алды Астана асып,соңы аудан биігін асқақтатқан азамат болып өсті.

Міне, сол Нұрман кезінде 500 түптен аса ағаш отырғызып, ауыл іргесін ну орман қылып жайқалтты. Қазір ел оны  «Нұрман бауы» атайды. Осындай жаңалықты ауылға бармағанда біз білмес едік, байырғы басылым үшін бұл да үлкен мәртебе ғой.

Қаныбек Әбдуов,

      ​Жаңақорған ауданы.

Сыр бойы» газеті, 4-қазан 2011 жыл.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда жаңа Конституцияны мектептер мен университеттерде оқыту ұсынылды

Redaktor Shyn-Ar

Жаңа Конституция бойынша референдум қорытындысы қашан жарияланады?

Қазақстандық мұғалімдер енді аттестация тапсырмайды: Бірақ бұл бәріне қатысты емес